
● Мамықcыз ұзын мақта тампоны
● Қайнатылған, сүзгіден өткен немесе бөтелкедегі су (кран суының принтерді зақымдауы
мүмкін)
2. Принтерді өшіру үшін Қуат түймесін ( ) басыңыз.
3. Ток сымын принтердің артынан ажыратыңыз.
4. USB кабелі ажыратылмаған болса, оны ажыратыңыз.
5. Кіріс науасын көтеріңіз.
6. Кіріс науасы қалқаншасын көтеріп, ұстаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кіріс науасының қалқаншасын алып тастауға болмайды. Кіріс науа қалқаншасы
бөгде заттардың қағаз жолына түсіп, қағаз кептелісінің пайда болуынан сақтайды.
7. Ашық кіріс науасы арқылы төмен қарап, сұр қағазды алу роликтерін табыңыз. Аймаққа жарық
түсіру үшін қол шамның қажет болуы мүмкін.
8. Ұзын мақта тампонын бөтелкедегі немесе қайнатылған сумен сулап, қажетсіз суды сығып
алыңыз.
9. Роликтерді тампонмен басып, оларды жоғары қарай саусақтарыңызбен айналдырыңыз. Шаң мен
кірден тазарту үшін қажетті шамада ысқылаңыз.
10. Кіріс науа қалқаншасын түсіріңіз.
11. Роликтер кепкенше 10 немесе 15 минут күте тұрыңыз.
12. Қуат кабелін принтердің артқы бөлігінен кері қосыңыз.
13. Қажет болған жағдайда USB кабелін принтерге қайта қосыңыз.
14. Принтерді қосу үшін Питание (Қуат) түймешігін басыңыз.
KKWW Кептелістер және қағаз беру құралының ақаулары 53
Commenti su questo manuale